Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты кезекті  Жолдауында: «Елімізде жер – жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш - жігерімізді біріктірдік.» -деді.

 

Елбасы Н.Назарбаев: «Пандемия салдарынан Қазақстан бүкіл әлем елдерімен бірге күтпеген қиындықтарға тап болып, жаһандық дағдарыстың ең қиын кезеңін бастан өткеруде.» -деген болатын.

 

Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында бірқатар ерекшеліктер болды, өйткені сапалы білім берумен қатар балалар мен мұғалімдеріміздің денсаулығын да ойлауымыз қажет. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді, бірақ бұл босаңсуға себеп болмауы тиіс. Пандемия кезінде оқыту форматтары өңірдің бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, әрбір нақты өңірдегі санитарлық – эпидемиологиялық жағдайға қарай әр түрлі болды. Карантин кезінде - санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде дәстүрлі оқыту және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтан оқыту.

 

Коронавирус инфекциясы - бұл коронавирус тұқымдасының соңғы табылған вирусынан туындаған жұқпалы ауру. Коронавирустық инфекция маусымдық суықтан және тұмаудан айтарлықтай ерекшеленеді, өйткені бұл өте жұқпалы ауру - оның жұқпалығы және ауруды жұқтыру дәрежесі өте жоғары. Коронавирустық инфекцияның негізгі белгілеріне: қызба, әлсіздік, бас ауруы, дененің бұлшық еттері ауыруы, кеудедегі ауырсыну, жөтел, тыныс алудың бұзылуы және ентігу, асқазан- ішек жолдарының бұзылуы – диарея, көздің ауыруы, иіс пен дәм сезімін жоғалту жатады. COVID – 19 қоздырғышы вирус жөтелгенде, түшкіргенде немесе дем алған кезде жұқтырған адамның тыныс жолдарынан шығарылатын тамшылар арқылы таралады. Сондықтан да COVID – 19 таралуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлылық таныту - өзіміз үшін ғана емес, айналамыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері хақ.

 

Ауданымыз бойынша оқу процесін ұйымдастыруда 2020-2021 оқу жылында пандемияға байланысты 4 мектеп (К.Байсейітова, Ә.Бөкейхан, Сарышаған, Шашубай) қашықтықтан онлайн форматы арқылы, 19 шағын жинақталған ауылдық мектептер санитарлық нормаға сәйкес, бала санының аздығына байланысты күндізгі оқу форматында білім беру процесін жүзеге асыратын  болды. Барлық аудан мектептерінің 1-4 сынып аралығындағы бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ашылды, олар  бір сынып кабинетінде, бір мұғаліммен штаттық режимде оқуда. Балаларды кезекші сыныптарда оқытуды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.

 

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері таңдау құқығын жалпы білім беретін мектеп басшысының атына өтініш беру арқылы білдіреді.

 

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды кезекші сыныптарда оқуға жіберу арқылы балалардың қоғамдық ортада болатындығына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар екендігіне түсініктері мен келісімдерін білдіреді.

 

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды санитариялық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: маскалар, қолғаптар, қолды өңдеуге арналған жеке құтыдағы антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл майлықтар.

 

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларына әлеуметтік алшақтық қажеттілігі туралы түсіндіреді.

 

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері оқу күні басталар алдында жалпы білім беретін мектептің сыртқы есіктеріне дейін балаларды алып жүруді және оқу күні аяқталғаннан кейін жалпы білім беретін мектептің сыртқы есіктерінен үйге дейін балаларды алып жүруді жүзеге асырады.

 

Пандемияға байланысты аурудың пайда болуына жол бермеу үшін дәстүрлі түрде оқытатын мектептерге қажетті санитарлық заттар алуға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, заттар толық алынды. Білім беру ұйымдары дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етілді: хлор, су сабын, део - хлор№3,  термометр байланыссыз инфрақызыл, антисептик, бір рет пайдаланылатын қолғаптар, бетперде, қорғаныш киім, қорғаныш көзілдірік, әмбебап респиратор, антисептикке арналған дозатор. Сонымен қатар рецикулятор бактерицидный ультракүлгін,дезинфекциялық туннель, дезинфекциялық кілемшелерге тапсырыс берілді. Штаттық режимде оқыту санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады, кабинеттер бойынша жүруге тыйым салынады. Штаттық режимде оқитын  мектептерде сынып оқушыларының саны 15-тен аспауы, сынып кабинеттерінде арақашықтық 1 метрден болуы қажет, әрбір ауысым алдында мектептің медициналық қызметкері оқушыларға термометрмен өлшеу жүргізіп, нәтижесін  арнайы журналға толтырады. Егер жөтел, жоғары температура, ентігу  белгілері болса онда мұғалімдерге жұмысқа  және оқушыларға сабаққа рұқсат етілмейді. Мектепке кіре берісте дезинфекциялық кілемшелер төселеді, оқушылар мектепке ата – анасыз кіреді, ата – аналарға кіруге тыйым салынған. Мектептерде желдету режимі сақталады : әрбір 30 минут сайын сынып кабинеттерін 10 минутқа желдету, әрбір үзілісте дезинфекциялық дымқыл тазалау жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық мектептерде оқытудың штаттық режимін ұйымдастыру кезінде мынадай шараларды сақтау қажет: басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру; әлеуметтік алшақтық үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру; кабинеттік жүйені алып тастау, әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады; әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру; мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі; маскаларды кию режимін қамтамасыз ету; оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру; кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау; қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану; әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинау; дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау; мектеп асханасының, буфеттердің жұмысын тоқтату; күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныптың қашықтан оқытуға көшкен жағдайда сыныптағы білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі; таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету; мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады; мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі; мектептің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, аяқкиімге арналған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, термометрия қамтамасыз етіледі; сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.

 

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады. Мектеп асханалары, буфеттері жұмыс істемейді. Директормен кездесулер, педагогикалық кеңестердің мәжілістері, ата-аналар жиналыстары және т.б. қашықтық форматта өтеді.

 

Мектеп аумағында адамдар жиналуға тыйым салынған, келген адам 2 метрлік арақашықтық сақтап, маска киюі қажет.

 

Қызметкерлердің және оқушылардың денсаулығы, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі және  таралуы үшін жауапкершілікті мектеп басшысы көтереді.

 

Сонымен қатар,  үнемі салауатты өмір салтын ұстануды, дене бітімін шынықтырып және иммунитеттің қорғау деңгейін жоғарлатуды ұсынамын. Өзіміз үшін және жанымыздағы жақындарымыз үшін қазіргі жағдайда барлық бекітілген талап- тілектерді қатаң сақтауымыз қажет.

 

Қымбат Боранқұлқызы білім бөлімінің әдіскері