Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 1 қазан Қарттар күніне орай  «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты библиокафе   ауыл қарттары мен жастардың  қатысуымен өтті.

       Библиокафені оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Жарылқасын жүргізіп, кеш қонақтарын таныстырып өтті. Кеш қонақтары: Жамбыл ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, тұрақты комиссияның төрағасы Ережепбаев Сайлаубек, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері Асқаров Бейсенбек, Салемов Жақсылық, Ақанов Аманжол,  білім саласының үздігі, құрметті ардагер, кітапхананың тұрақты зейнеткер оқырманы Сапарбаев Алтынхан  аталарымыз қатысты.

         Кеште Бейсенбек ата қарияларға арнап  батамен отырысты жалғастырып,  жастарға  өркендерің өссін деген тілекпен батагөй ақсақалымыз  батасын жаудырса, келген қарияларымыз өздерінің өсиеттерін айтып, әңгімелерін  бұрынғы кезбен қазіргі кезді салыстырма түрде әңгімелеп берді.

       Іс-шара соңында жастар кеш қонақтарына сұрақтар қойып, ойларымен бөлісіп, дастархан басында  керемет дидарласумен түйінделді. Библиокафеге  арнайы ұйымдастырылған «Қазыналы қарттарым» тақырыбында ашыққарау, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» слайд көпшілік назарына ұсынылды.