Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.

Күн сайын жүздеген шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын етуге ұмтылу осы бір жылы жүзді  жайдарлы жандарға қай-қайсымыз болмайық борыштармыз. Егер әр адамның жүрегінде  ізгілік  сәулесі  болса, ол  мұғалімнің  еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін  қаншама тер төгеді,  десеніңізші. Дүниеде   адамды  тәрбиелеп,  азамат  атандырғаннан басқа  абырой  мен  құрмет жоқ шығар ,сірә!

Ертеде бір  данышпаннан: «Дүниеде кім  бақытты? »-деп сұраған  екен.

Сонда  данышпан:  Дүниеде көп бақытқа кенелткен адам  бақытты! –депті.

Ендеше, қаншама  шәкірт қолына бақыт кілтін ұстатқан ұстаздарымыз бақытты.

Мен өз ата-әжем мен әкемді бақытты жандар дей аламын. Қаңтарбаев Мұратхан атам өмірінің соңына дейін қызмет жасаса, сол жылдарының бәрінде ұстаздық еткен. Мектепте көп жылдар бойы директор болса, әжем орыс тілі пәнінің мұғалімі болған.  Мен отбасымды  мақтан тұтамын. Марқұм атамның алдын көргендер жасаған жақсылығы мен берген білімін айтып, сенің атаңнан білім алғанбыз,-дегенде мақтаныштан менің төбем көкке бір елі жетпей қалады. Мектепте жүргенде сабақ оқымай барсам, ұяттан өлердей боламын. Себебі мұғалімнің баласы оқымай баруға болмайды. Ұстаздан тәрбие алған, ұстаз алдын көрген адам білімді, тәрбиелі, ақылды болуы керек ,-деп ойлаймын. Менің әжемнің тәрбиесін алып, жолын қуған әкем, орыс тілі пәнінің мұғалімі.

Құрметті, ұстаздар ! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Жақып Ақбай атындағы ЖОББМ

6-сынып оқушысы

Қаңтарбаев Темірлан