Сайттың «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде 2020 жылға білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс жариялануда.

ІТ технология – уақыт талабы

 

Бүгінде ІТ технология саласы мамандарына сұраныс жоғары. Себебі жаһанда ақпараттық технология күн санап қарыштап дамып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында осы тақырыпқа арнайы тоқталып, аталмыш саланы дамыту керектігін алға тартты. Сол себепті еліміздегі өндірістік, әлеуметтік құрылымдар мен білім беру жүесін жаппай цифрландыру тапсырмасына орай, жер-жердегі мектептерде жаппай IT сыныптар  ашылуда.

 

Осы мақсатта өткен жылы Ақтоғай ауданы әкімдігінің қолдауымен білім бөлімі Жидебай ауылдық округі Қ.Нұржанов атындағы орта мектебінде ІТ сыныбы ашықан болатын.

 

Болашақ ІТ технологтардың негізін қалайтын бұл жарқын бастамамен танысу мақсатында аталған білім ұясына барып, мектеп директоры Қанат Серкебаевпен әңгіме өрбіттік.

 

Қ.Нұржанов орта мектебінің директоры Қанат Серкебаев:–Сыныпты ашудағы мақсат жастарды робототехника, 3D формат жобасында модельдер, роботтар құрастырып, олардың қимыл қозғалыстарына бағдарлама жасап үйренуге бағытталған. Замануи технология құрылғылармен жабдықталға арнайы кабинеттің жалпы құны 5 млн 500 теңге. ІТ сынбы соңғы үлгідегі компьютерлермен, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етелген. Сонымен қатар, оқушылардың сабақ оқуымен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу принтері және үстелдері орналасқан. Мұнда оқушылар 3 бағыттан  тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. 1-ші оқу модулінде әр түрлі бағдарламалық орталарда бағдарламалауды игерсе, 2-ші оқу бағытында «Лего ЕV3» және «Арудинно», бағдарламалары арқылы робототехниканы меңгереді. Ал, 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді үйренеді. Жалпы робототехниканың қазіргі замандағы алар орны ерекше. Өздеріңізге белгілі қолданыстағы сымсыз смартфон, желілік теледидар автоматты кір жуғыш тағы басқа заманауй құралдар осы  технологияның жемісі,-дейді.  

 

Сала мамандарының айтуынша алдағы уақытта ІТ-сыныпта оқушылар білім алып болашақ кәсіптерін мектеп табалдырығынан табуына мүмкіндік алады.

 

Технологияның тілін меңгеру – заман талабы. Ал, білікті маман болып қалыптасу – жас түлектердің болашағына даңғыл жолы ашары анық.