Сайттың «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде 2020 жылға білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс жариялануда.

Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру - басым бағыттардың бірі ретінде тапсырған болатын. Білім беру мекемелерінде "Жас сарбаз" әскери-патриоттық сыныптарын ашу, олардың қатарына озат әрі алғыр балаларды қабылдап, тәрбиелеу - Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы болатын. 

Осыған орай 13.02.2020 жылы біздің білім ошағында Ауған жерінен Кеңес әскерлерін шығарылуының 31 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған "Жас сарбаз" әскери-патриоттық ұйымына 7-сынып оқушыларының ант қабылдау салтанаты өткізілді. 

Бұл шараның мақсаты - балалардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын ояту, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қана қоймай, елдің болашағын, төл тарихын білетін, бүгінін бағалайтын, Тәуелсіздікті көзінің қарашығындай қорғайтын ұлағатты жас өрендерді тәрбиелеу. Әскери-патриоттық тәрбие тек тәртіпке ғана емес, білімге, достыққа, тапқырлыққа жетелейді. 

Мектебіміздің 20 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді.

Салтанатты жиында жас сарбаздар арнайы әскери киім киіп, саптық жүріс пен жүгенді жаттығулар, қаруды бөлшектеп жинау секілді әскери машықтарды көпшілікке марқая ұсынды.

Мектеп директоры Қ. Абдрахманов, АӘД пәні мұғалімі А. Қнашин, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері А. Кенжебай "Жас сарбаз" ұйымына өткен оқушыларға ұйымның мүшесі екендігін растайтын куәлік табыс етті.

Салтанатты рәсімге мектебіміздің ұжымымен қатар аудан әкімінің орынбасары Абылай Базылұлы, білім бөлімінің басшысы Сейіл Мінтайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәкітай Шошымбекұлы қатысты. Өз кезегінде Абылай Базылұлы мен Сәкітай Шошымбекұлы сөз сөйлеп, "Жас сарбаз" мүшелеріне әскери-патриоттық бағытында қойылған мақсаттарға қол жеткізуге сәттілік тіледі. Біздің ұжым да ата-бабаның ұрпақтарына өсиет еткен "Отан үшін" деген ұранның әр жас сарбазымыздың ешқашан ұмыттырмайтынына сенеміз