Сайттың «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде 2020 жылға білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс жариялануда.

Қайырлы күн, Қазақ елі! «Дүние де өзі, малда өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» - деп ұлт ұстазы Абай айтқандай, оқушыларды күнделікті үйреншікті жағдайдан көңілін аударып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыссын деген ниетпен Шашубай кенті мектебінің қабырғасында “RoboLand 2020” фестивалінің аудандық кезеңі болып өтті.

Сайыстың мақсаты балалардың жоғары технологиялық өндіріске, инновациялар мен инженерлік әзірлемелерге деген қызығушылығын арттыру. Аталған сайысқа ауданымыздың бес мектебінен 20-ға жуық оқушы қатысып, өздерінің жаңа заманға сай білім өрісі мен өнертапқыштық дәрежесінің деңгейін байқатты.

Қатысушылар роботтарын “Lego EV3” бөлшектерінің көмегімен құрастырып, бағдарламалардың дұрыс жазылғанын және дұрыс құрастырғанын көрсетті. Олар “Кегельринг”, “Интеллектуалды Сумо”, “Grand Сумо”, “Лабиринт” және “Сызық бойымен қозғалыс” категорияларында сайысқа түскен болатын.

Байқаудың қорытындысы бойынша дипломдармен келесі командалар марапатталды:

“Кегельринг” категориясында:
1 орын – Ә.Бөкейхан атындағы мектеп командасы;
2 орын – Шашубай II командасы;
3 орын – К. Байсеиітова атындағы мектеп командасы;
“Grand Сумо” категориясында:
1 орын – Шашубай І командасы;
2 орын – Шашубай II командасы;
3 орын – Сарышаған мектеп командасы;
“Интеллектуалды Сумо” категориясында:
1 орын – К. Байсеиітова атындағы мектеп командасы;
2 орын – Ә.Бөкейхан атындағы мектеп командасы;
3 орын – Шашубай І командасы;
“Лабиринт” категориясында:
1 орын – Шашубай ІІІ командасы;
“Сызық бойымен қозғалыс” категориясында:
1 орын – К. Байсеиітова атындағы мектеп командасы;
2 орын – Сарышаған мектеп командасы;
3 орын – Қ. Нұржанов атындағы мектеп командасы;

Сайысты Ақтоғай аудандық білім бөлімінің маманы - Омарбеков Медет Боранбайұлы қорытындылап, қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстап, сәттілік тіледі.  Балқаш қаласынан келген төрешілерге: Далибаев Бахтияр Абдиманатовичке, Амирхашов Фазылжан Бауыржанулына және Надирбеков Азилхан Булатовичке үлкен алғысымызды білдіреміз. Жеңісті күндерде кездескенше!!!