Сайттың «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде 2020 жылға білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс жариялануда.

«Н.Әбдіров атындағы ЖББОМ» КММ – сінде оқу – өндірістік шеберханасы жұмысын бастап, өнімдерін шығара бастады.

Мектептегі информатика және бастауыш сынып кабинеттерін жасаған жиһаздарымен жабдықтады. Әр оқушыға жекеленген шкафтар жасалынды. Оқушылар шкафтарға сырт және спорт киімдерін, күнделікті сабақта пайдаланатын заттарын (түрлі түсті қағаз, ермексаз, сурет альбомы, бояу қарындаштары) қояды. Әр шкафқа құлып салынған, кілттері әр оқушының өзінде болады. Бастауыш сынып кабинеті жаңа оқу бағдарламасына сай тимбилдинг, яғни топпен бірігіп жұмыс істеуге негізделіп жабдықталды. Онда 2 төртбұрышты, 1 сегізқырлы үстел жасалған. Жоғарыда аталып өткен жиһаздарды оқушылар «көркем еңбек» сабағында құрастырады.

 

 

.