Сайттың «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде 2020 жылға білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс жариялануда.

«Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары»

Ақтоғай аудандық барлық мектептерде «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті.

29.11.2019ж. күні  1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жалпыреспубликалық ашық тәрбие сағаты өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай біздің мектебімізде де "Қазіргі Қазақстан.

Елбасының көшбасшылық сабақтары" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: Тұңғыш Президент – Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету; білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту; қасиетті Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке, Тұңғыш Президент үшін мақтана білуге тәрбиелеу. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, оқушылардың өз Отанына, өз атамекеніне деген сүйіспеншілігін, оң көзқарасын, патриоттық сезімдерін арттыру.

Тәрбие сағаттарына даярлық, 1-11сыныптар қамтылды. Ашық тәрбие сағаттарына ата-аналар, мектеп мұғалімдері, аудандық жастар орталғының бас маманы Серіков Еркебұлан Қайратұлы қатысты.

  

.