Сайттың «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде 2020 жылға білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс жариялануда.

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына
4-қосымша

 нысан

 

Конкурс туралы хабарландыру

 

Конкурсты ұйымдастырушы:100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Нарманбет көшесі, 6А үй тел./факс: тел./факс: 8 (710-37) 2-13-99, 8 (710-37) 2-15-63, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., http://aktogay-roo.kz/kz/

«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ, 2020 жылға «Тораңғалық негізгі орта мектеп» КММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қызмет: «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ, «Тораңғалық негізгі орта мектеп» КММ көрсетілетін қызметті алушылар саны 18 оқушы, оның ішінде көп балалы, аз қамтылған, мүгедектер және бала кезінен мүгедек балалар, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар. Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома 849 600 (сегіз жүз қырық тоғыз мың алты жүз) теңге

Қызметті көрсету мерзімі: 2020 жылдың 17 ақпан – 30 қараша айлары

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2020 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Нарманбет көшесі, 6А үй, бөлім басшысының кабинетіне сағат 09.00 ден 18.30-ға дейін (13.00-14.30 үзіліс) немесе http://aktogay-roo.kz/kz/ (мемлекеттік сатып алу) интернет-ресурсынан алуға болады.

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Нарманбет көшесі, 6А үй, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. орналасқан «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ басшысының кабинетіне жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі топтамасын 2020 жылы ақпанның "10" күні сағат 12.00 -ге дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конвертер Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Нарманбет көшесі, 6А үй, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. орналасқан «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ басшысының кабинеті 2020 жылы ақпанның "10" күні сағат 15.00-де ашылады.  

Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің  соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (710-37) 2-13-99 немесе 8 (710-37) 2-15-63.

 

«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ

басшысының м.а.                                                                А.Ақторғай