Сайттың «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде 2020 жылға білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс жариялануда.

Қызметкерлер

Бас маман

 

Тлегенова Эльмира Зарубаевна

Лауазымы

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің білім беру ұйымдарында педогогикалық кадрлармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бас маманы /E-R-4/

Қысқаша өмірбаян

Тлегенова Эльмира Зарубаевна1989 жылы 23 мамыр айында Қарағанды облсы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінде дүниеге келген. 1996-2005 жылдары Қарағайлы кентіндегі №17 қазақ орта мектебін «үздік» куәлікке аяқтаған. 2005-2009 жылдары Қарағанды облысы, Саран қаласындағы А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде «информатика» пәні мұғалімі мамандығын «үздік» дипломмен аяқтап, 2009-2012 жылдары Ә.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да «информатика» пәнібойынша жоғарғы мамандықты аяқтаған. 2009-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Осакаровка ауданының Уызбай ауылындағы мектепте «информатика, математика» пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2012-2016жылдары Қарағанды облысы, Саран қаласындағы А.Құнанбаев атындағы Саран гуманаитарлы-техникалық колледжінде «информатика» пәні бойынша сабақ берген. 2016-2017 жылдары Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында «Ақтоғай ауданыныі білім бөлімі» ММ-де әдіскер лауазымы бойынша жұмыс жасапа, 2017 жылдың қазан айынан бастап «Ақтоғай ауданыныі білім бөлімі» ММ-де бас маман болып жұмыс атқаруда.

Атқаратын міндеттері

Бас  маманның  міндеттері:
Педагогикалық кадрлармен жұмыс. Мектептерді, мектептен тыс мекемелерді тиісті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету. ЖОО-на сұраныс хаттар жібереді. Педагогтардың қайта даярлау курсынан өтуі, басшы кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттыру, жас мектеп директорлары мектебінің оқуын ұйымдастыру және басшылық жасау. Педагогтарды аттестаттау, марапаттау құжаттары. Статистикалық есеп беру. Жұмыссыз мамандарды, жас мамандарды жұмысқа орналастыру. Жас мамандарды тұрақтандыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары. Мемлекеттік қызметкерлердің құжаттары. Бөлім аппараты қызметкерлерінің арнайы тексерістен өтуіне, мұрағаттық анықтамалар, декларациялар тапсыруына бақылау. Мектептердегі бұйрықтардың жүргізілуін қадағалайды. Ішкі еңбек тәртіптері ережелерін және еңбек тәртіптерінің жағдайы, мемлекеттік қызметке байланысты  шектеулердің сақталуын бақылау. Білім беру ұйымдарында педагогикалық кадрларды Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексіне» сәйкес қабылдау және жұмыстан босату жұмыстарын жүргізу. Ақпаратты – талдау жұмыстары мен мониторинг жүргізудің әдістері мен тәсілдерін білуі. Азаматтық қызметшілердің бос орындарына конкурс жүргізу құжаттарын дайындайды. Білім беру ұйымдары басшыларының жеке бас құжаттарын жинақтау. Электрондық құжат айналымы жүйесімен, электронды үкімет порталымен толыққанды жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасындағы белгіленген заңдылықтар тәртібінде білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Білім бөлімі кеңесінің хатшысы.
Тамыз кеңесінің өтуіне дайындық жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

 

Байланыс телефоны:

 

Байланыс телефоны: 8(7137)30477

 

 

Басшы орынбасары

 

Дуанбекова Гаухар Саттарбеккызы

Лауазымы

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің бөлім басшысының орынбасары,
/E-R-2/

 

Қысқаша өмірбаян

1997 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1984 жылы Балқаш қаласындағы Абай атындағы мектепке 1 сыныпқа барған. 1994 жылы Талдықорған облысындағы М.Төлеубаев атындағы мектепте 11 сыныпты аяқтап, 1994-1998 жылдар аралығында ҚарМУ математика факультетінің «математика, информатика» пәні мұғалімі мамандығын бітірген. 1998-2003 жылдары Ә.Бөкейхан атындағы орта мектепте «математика» пәні мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2003-2008 жылдары К.Байсейітова атындағы орта мектепте «математика» пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2008-2016 жылдары білім бөлімінде бас маман болып, 2016 жылдан бастап білім бөлімінің басшысы болып жұмыс атқаруда.

Атқаратын міндеттері

Бөлім басшысының орынбасары міндеттері:
Бөлімге басшылық жасау, жоспарлау және талдауды жүргізеді. Аудан бойынша білім туралы заңнамалардың орындалуы және орта білімді дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асырады. Білім бөлімінің және оған қарасты мекемелердегі жұмыстарды үйлестіреді. Мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс балалар ұйымдарының оқу-тәрбие жұмыстарына эксперттік, кешенді талдау жұмысын ұйымдастырып, қорытындылайды. ҚР Заңдары, Президенттің жарлығы, қаулылары, облыстық білім басқармасының, аудан әкімдігінің шешімдерін, қаулыларын жинақтап, олардың мазмұнынан туындайтын мәселелерді аудан көлемінде ыңғайластырып, құжаттар даярлап отырады. Аудан әкімдігінде қаралуына тиісті мәселелердің жобасын даярлайды. Білім бөлімінің Кеңесі мен мәжілісінде қаралатын материалдарды дайындау және ұйымдастыру. Білім бөліміне қарасты мекемелердің кадрларына сапалық талдау жасау және тарификациясын жүргізеді. Білім бөлімінің барлық кіріс, шығыс құжаттарына қол қояды. Бөлімде азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалуын қамтиды, білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтуін бақылайды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалу барысындағы іс-шаралардың орындалуын қадағалайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының орындалуын қамтиды. 2010-2020 жылдарға арналған білім жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша есептерді дайындайды. Білім саласына бағытталып қабылданған бағдарламаларды жинақтау және дайындауға қатысады. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалардың орындалуы бойынша жұмыстарды бақылауын үйлестіреді.
Білім беруді дамытудың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, бюджеттік сұраныстарды және қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлар, аумақтық бағдарламалар, инвестициялық жобалар дайындауға қатысады. Бюджеттің жобасын дайындауды қадағалайды. Статистикалық есептердің берілуін қадағалайды.Бөлімнің мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырып бағыт береді, қадағалайды. Қаржы қызметі жөніндегі болған тексерістер нәтижесі бойынша кеткен кемшіліктерді жоюды бақылайды. Өз саласы бойынша түскен хат-өтініштерге уақытында жауап беруді қамтамасыз етеді, жоғарғы органдардан келген тапсырмалардың орындалысын бақылайды.
Басшының жұмыс уақытында болмаған жағдайда, іссапар уақытында міндетін атқарады, қою құқығына ие болады.. Бөлімде жасалған келісім шарттарға отырады, қол қояды. Бөлімнің, білім беру ұйымдарының күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарына бақылау,басшылық жасайды. Қабылдау комиссиясының құрамын құрады, төрағалық етеді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған бақылау, бсшылық жасайды, комиссия құрамын құрады. Бухгалтерлердің барлық жұмыстарына тікелей басшылық, бақылау жасайды. Аумақтық, аймақтық қаржылық жағынан даму стратегиясын жасайды. Бөлімнің барлық қаржы аударымдарына бақылау, басшылық жасайды. Тамыз кеңесінің өтуіне дайындық жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

 

Байланыс телефондары

8(71037)21399

 

Бас маман

 

Айбоснова Сауле Абиловна

Лауазымы

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің білім беруді ұйымдастыру секторының меңгерушісі/E-R-3//

Қысқаша өмірбаян

Айбоснова Сауле Абиловна 1969 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қоңырат совхозында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтын аяқтап, Н.Әбдіров атындағы жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаған. 1992 жылы «Аққыз» балабақшасына тәрбиеші, Ә.Бөкейхан атындағы орта мектепте іс қағаздарын жүргізуші, психолог болып жұмыс жасады. 2007 жылдан бастап білім бөлімінде жұмыс атқаруда.

Атқаратын міндеттері

Айбоснова Сауле Абиловна
Сектор меңгерушінің міндеттері:
Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысына, оқу жоспарларын дайындауға, мемлекеттік стандарттың орындалысына, мектепішілік бақылаудың жүруіне басшылық жасау. Жас мектеп, мектептен тыс мекеме басшыларына әдістемелік көмек беру. Жалпы білім беретін оқу орындарында аралық, қорытынды аттестаттауға басшылық жасау. Білім беру ұйымдарын аттестаттау жұмыстары, ғылым негіздерін тереңдетіп оқыту жұмыстарына басшылық жасау. Ақпаратты талдау жұмыстары мен мониторинг жүргізудің әдістері мен тәсілдерін білуі. Бала құқығын қорғау тобының жұмысын үйлестіру, бағыттау және басшылық жасау. Білім саласы бойынша Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінің орындалысына бақылау жасау. 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың бағдарламаларын жасау. Бөлімнің жылдық жоспарын дайындау және оның орындалысына басшылық жасау. Ресурстық орталық (тірек мектептері), шағын жинақталған мектептер жұмыстарын ұйымдастыру. 12 жылдық білім беруге көшу жұмыстарын ұйымдастыру. Білім бөлімінің Кеңесі мен мәжілісінде қаралатын материалдарды дайындау және ұйымдастыру. Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, аудандық пән олимпиадасын өткізу. Аудан мектептерінде бақылау күндерін өткізу. Облыстық білім басқармасы кеңестері хаттамаларының орындалысын қадағалау. Сектор жұмысын басқару. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жұмыс ұйымдастырады және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Аудандық білім бөлімінің жоспарын әзірлеп, номенклатураға сәйкес іс жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тамыз кеңесінің өтуіне дайындық жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

 

Байланыс телефоны:

Байланыс телефоны: 8(7137)30477